Әлеумет

Алматыда базарға кеткен қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Алматыда «Алтын Орда» базарына кеткен бойжеткен жоғалып кетті, –  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Аружан есімді бойжеткен 2006 жылы туған. Бойы – 180 см. Тікшашты, арықша келген.

«Кеше таңғы 10-да Алматыдағы үйінен шығып, «Алтын Орда» базарына кеткен. Отбасы оны іздеп, 17:00-де хабарласқанда телефоны өшірулі болды», - делінген хабарламада.

Егер Аружан жайлы қандай да бір ақпарат білетін адам болса, +7 707 550 53 05 нөміріне 102-ге хабарласуы керек.