Жаңалықтар

Бұрқасын, тұман және көктайғақ: 20 қаңтарға ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 20 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ҚР аумағында қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашынның түсуіне, солтүстік-батыс, солтүстік, орталық, шығыс өңірлерінде қардың түсуіне себеп болады. Республика бойынша желдің жаяу бұрқасынмен күшеюі, тұман мен көктайғақ күтілуде.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде қатты қар күтіледі.