Алматыдан 364 шақырым жерде жер сілкінісі болды
Сейсмологтар Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 364 шақырым жерде жер сілкінісі болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Жер асты дүмпулерін «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «ҰБТКМ» АҚ сейсмикалық стансалар желісі 19 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 11:30-да тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 364 шақырым жерде орналасқан.
“Жер сілкінісінің координаттары: 41.202 N. 80.387 Е Есептелген қарқындылық (ұпаймен) болды: сезілуі мүмкін емес”, - делінген хабарламада.