19 қаңтарға ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 19 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ҚР аумағына қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын алып келеді, солтүстік-батыс, солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда – қар жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі.