Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Астанада 17 қаңтар күні кешкі сағат 20:00 шамасында жасөспірімнің көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткені хабарланды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Оқиға елорданың Хан Шатыр аумағында, Әнет баба көшесі бойында болды. Астананың Полиция департаменті қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті.
Оқиғаның нақты себептері тергеу нәтижесінде анықталады.