Бұрқасын, тұман мен көктайғақ: 18 қаңтарға ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 18 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстан аумағында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашынның түсуіне, солтүстік – батыс, солтүстік, орталық аймақтарда – қар жауып, елдің шығысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын болады.
Республика бойынша желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, тұман мен көктайғақ күтіледі.