Жаңалықтар

Ақмола облысында шенеунік бір жыл ішінде екінші рет қамауға алынды

Ақмола облысында шенеунік масаң күйде көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды buginmedia.kz

Зеренді аудандық соты көлікті басқару құқығынан айырылған ТКШ бөлімінің басшысы Р.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады (ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігі).

Бұған дейін, 2024 жылдың ақпанында Р. масаң күйде көлік жүргізгені үшін (ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі) сот қаулысымен көлік құралдарын жүргізу құқығынан 7 жылға айырылған.

Сотта Р.-дің кінәсі оның берген түсініктемесімен, хаттамада баяндалған фактілермен, полиция инспекторының рапортымен расталды.

Сот қаулысымен Р. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.