Жаңалықтар

Қостанайда мас күйінде көлік жүргізген блогер қамауға алынды

Қостанайда полиция масаң күйде рульге отырған блогерді ұстады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қостанай олысы ПД хабарлауынша, 35 жастағы Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі қоршауға соғылған. Бұл ретте оның өзі апаттың қайғылы салдарын түсіріп, TikTok желісіне жариялаған.

Оқиға орнына келген патрульдік полицейлер жүргізушіден алкоголь иісін анықтады. Медициналық куәландыру алкогольдік масаң күйдің орташа дәрежесін көрсетті.

Жүргізуші медициналық айықтырғышқа, ал оның көлігі мамандандырылған автотұраққа қойылды.

"Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін оған 20 тәулікке мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру қаупі төніп тұр. Сонымен қатар, ол келтірілген зиянды қалпына келтіреді", - делінген ақпаратта.