Талғарда тағы бір лауазымды тұлға қызметінен босатылды
Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
"Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С.С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е.К. Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды", - делінген хабарламада.
Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болды.