Жаңалықтар

16 қаңтарға ауа райы болжамы

Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 16 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Атлантикалық циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ҚР басым бөлігіне жауын-шашын алып келеді, Қазақстанның батысына, оңтүстігіне қар және жаңбыр түрінде, қалған аумақтарында қар түрінде жауады. Тек еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстікте бұрқасын, батысында, оңтүстігінде – көктайғақ күтіледі.