Айқын мен Жұлдыз 9 жылдан кейін үйлену тойын жасады
Отандық жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали тоғыз жылдан кейін үйлену тойларын жасады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Жұлдызды жұп тойға достары мен жақындарын ғана шақырды.
“Жұлдызға үйленемін дегенде бәрі қарсы болды. Әке-шешемнен бастап, достарым да теріс айналды. Бірақ мен алған бетімнен қайтпадым. Өзіңді кездестіргеннен кейін көп нәрсе өзгерді. Мен таңдауым мен шешіміме ешқашан өкінбеймін. Мен сені жақсы көремін. “Ақ көйлек киесің” деп уәде берген едім. Міне, уәдемді орындадым. Анам жылап отыр”, – деді Айқын.
Өнер иелерінің әріптестері, желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, ақ тілектерін жазды.