Доллар 530 теңге: 14 қаңтарға валюта бағамы жарияланды
Ұлттық банк 14 қаңтарға валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Ұлттық банктің 14 қаңтарға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 528,52 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,17 теңге. Еуро – 539,14.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 529,05 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 532 теңге. Еуро 539— 545 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 530 теңге, сатып алу құны – 534 теңге. Еуро 541 теңгеден сатылып, 546 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,07 - 5,17 аралығында саудаланып жатыр.