Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" РМК 14-16 қаңтарға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райын атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайтын болады, бұл ауа-райының тұрақсыз сипатына алып келеді, боранмен қар жауады, елдің батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.
Республиканың оңтүстік-шығысында антициклонның арқасында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша температуралық фон түнде батыста 0-8 аяздан елдің солтүстігі мен шығысында 10-25 аязға дейін, күндіз 5 аяздан-5 жылудан 2-10 аязға дейін, елдің оңтүстігінде түнде 1-13 аяз, күндіз 0-12 аязға дейін өзгереді.
Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп күтіледі.