Жаңалықтар

Тұман түсіп, көктайғақ болады: 13 қаңтарға ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 13 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Кең антициклонның әсерінен елдің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Күндіз атмосфералық фронтальды бөлімдер өткеннен кейін ғана Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Республика бойынша тұман күтіледі.

Солтүстік-шығыста, Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында жел15-20 м/с күшейеді.