Жаңалықтар

12 қаңтарға ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 12 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультация жарияланды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, кең антициклонның әсерінен елдің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

"Қазақстан Республикасының солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдер өткеннен кейін ғана аздаған қар жауады. Республика бойынша тұман күтіледі", — делінген хабарламада.