Алматыдан 77 км қашықтықта 3,8 балдық жер сілкінісі болды
Алматыдан 77 км қашықтықта жер сілкінісі болды, деп хабарлады buginmedia.kz.
Геофизикалық зерттеулер институтының хабарлауынша, жерасты дүмпулері 11 қаңтар күні сағат 16:15-те сезілді.
"ҚР ҰЭО Геофизикалық зерттеулер институты мәліметтер орталығының шұғыл деректері бойынша, 2025 жылдың 11 қаңтарында Астана уақытымен сағат 16:15-те (Гринвич бойынша 11.15) Алматыдан солтүстік шығысқа қарай шамамен 77 км қашықтықта жер сілкінді", -делінген хабарламада.
Эпицентрінің бағыты 43,59 солтүстік ендікте, 7780 шрадус шығыс бойлықта жатыр. Магнитудасы mb=3.8. Энергетикалық класы K=8.8.