Жел, тұман, көктайғақ: 10 қаңтарға ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" РМК 10 қаңтарға ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды buginmedia.kz.
Циклондар мен антициклондардың тез өзгеруі ауыспалы ауа райын тудырады. Елдің солтүстігінде, шығысында бұрқасынмен қар жауады, батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ болады. Кезең ішінде бір-бірін алмастыра отырып, Қазақстан аумағына Атлант және Арктикадан шыққан ауа массалары түсетін болады. Осыған байланысты республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының 15-25-тен 10-18-ге дейін, оңтүстігінде 10-15-тен,
Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аудандарында 20-25-тен 5-13-ке дейін, таулы аудандарда 16-21-ге дейін аяз болады деп күтілуде. Республиканың батысында температуралық фонда күрт ауытқулар күтілмейді.
Қазақстан бойынша жел күшеюі, тұман күтіледі.