Көктайғақ, тұман, бұрқасын: 9 қаңтарға ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 9 қаңтарда болатынқауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен солтүстікте, оңтүстік-шығыста, ҚР орталығында қар жауады, түнде елдің шығысында қатты қар жауады. Елдің батысында, оңтүстігінде жоғары қысымды өрістің әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.
Республика бойынша тұман, батысында, солтүстігіндее, оңтүстік-шығысында көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстігінде, орталығында, батысында бұрқасын болжанады.