«Мен иә дедім!»: Динара Сәтжан жүзік таққан қолының суретін жариялады
Белгілі телеүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желіде жүзік таққан қолының суретін жариялап, «Мен иә дедім» деген жазба жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Журналистің кімге тұрмысқа шығатыны әзірге құпия.
Қазір ол Тайландта демалып жүр.
Динара Сәтжан әлеуметтік желілердегі блогын белсенді жүргізеді. Алайда ол жеке өмірі жайлы айта бермейді, көбіне кәсібі, қызы мен ата-анасы жайында айтады.
Айта кетейік, бұған дейін Динара Сәтжан өзінің өмірлік серігін жолықтырып, ұсыныс күтіп жүргенін айтқан болатын.