Әлемде

ХАМАС көшбасшысы Яхия Синвар қаза тапты

Израильдің сыртқы істер министрі Исраэль Кац Газа секторында палестиналық ХАМАС тобының жетекшісі Яхия Синвардың көзі жойылғанын растады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

ЦАХАЛ 16 қазанда Газа секторының оңтүстігіне жасалған шабуылдан кейін Санварды өлтіргенін мәлімдеді.

«Яхия Синвар 2023 жылы 7 қазанда жаппай адам өлтіруді ұйымдастырып, іске асырып, соғыс басталғанға дейін де кейін өзінің қанды идеологиясын насихаттады. Көптеген израильдіктерді ұрлап әкетіп, өлтіруге себепкер болды», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Израиль әскері ХАМАС-тың 3 жетекшісінің көз жұмғанын мәлімдеген еді.