Атырау облысында 9 жасар қыздан "шайтанды қуу" рәсімін видеоға түсірген
Атырау облысында емші 9 жасар қыздан "шайтанды қуу" рәсімін видеоға түсірген, деп хабарлайды buginmedia.kz.
– Ляззат, жасың нешеде?
– 19.
– Сен мың жылдықсың ба әлде қалай?
–Иә, мыңжылдықпын.
– Нешеусіңдер?
– Тоғызбыз.
– Сендерді сиқырмен кіргізді ме?
– Жоқ, біз өзіміз кірдік.
Рәсімді жүргізген Кейқуат Оспанов өзін ислам медицинасының өкілі деп есептейді.
«Жергілікті уәкілмен байланыстым. Олар мәселені қарауға алды», - деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева.