Ақ тоны мен қара көйлегін киген: таңғы алтыда үйінен шыққан әйел өлі табылды
Астананың жанындағы Жібек Жолы ауылының тұрғыны 42 жастағы Баян Алтынбекованың мәйіті табылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Бұл қайғылы хабарды Астананың «LIDER.KZ» еріктілер тобының адамдары хабарлады.
«Өкінішке қарай, Баянның мәйіті табылды. Оның нақты неден көз жұмғанын сараптама көрсетеді. Жақындары мен отбасына көңіл айтамыз», - деп жазған еріктілер.
Айта кетейік, марқұм 3 қаңтар күні таңғы алты шамасында үстіне ақ тоны мен қара көйлегін, аяғына қара етігін киіп, үйінен шығып кеткені белгілі. Бірақ, ол үйіне қайтып оралмаған.