Тұман, көктайғақ, бұрқасын: 5 қаңтарға ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 5 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Фронтальды бөлімдердің өтуімен батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, солтүстігінде аздаған қар жауады. Елдің қалған бөлігінде антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша тұман, солтүстік-батысында көктайғақ, солтүстігінде, оңтүстік-батысында желдің күшеюі, солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын болжанады.