Тұман, көктайғақ, боран: 4 қаңтарға ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 4 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Циклон шұңқырының әсері елдің батысында, солтүстігінде, шығысында әлі де сақталады және атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында антициклон жоталарының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, боранмен желдің күшейюі күтіледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде 30 м/с және одан да аса қатты жел күтіледі.