Жаңалықтар

Қар, көктайғақ, -6 градус үсік: 18 қазанға ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 18 қазанда болатынқауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республиканың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын, батысында жаңбыр түрінде, елдің шығысында, оңтүстік-шығысында аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар) түрінде жауады, күндіз Қазақстанның батысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның қалған аумағында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең елде тұман, батысында, оңтүстігінде, шығысында жел күшеюі, оңтүсгінде шаңды дауыл күтіледі. Республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Алматы және Жетісу облыстарында түнде үсік күтіледі, Түркістан, Жамбыл облыстарында 1-6 градус үсік сақталады.