Тұман, көктайғақ, боран: 3 қаңтарға ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 3 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Скандинавия түбегі аудандарынандағы циклонның әсерінен елдің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, түнде республиканың шығысында қатты қар жауады. Елдің оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, боранмен желдің күшеюі күтіледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде 30 м/с және одан да аса қатты жел күтіледі.