Жаңалықтар

Тұман, көктайғақ, боран: 2 қаңтарға ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 2 қаңтарға ауа райы болжамы жарияланды, –  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Скандинавия түбегінің аудандарындағы  циклонның әсерінен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, солтүстікте, солтүстік-батыста, елдің орталығында қар жауады, күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында – қалың қар, елдің оңтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде, батысында – жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, боранмен желдің күшеюі  күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан да аса қатты жел күтіледі.