Жаңалықтар

Оңтүстік Корея тұрғыны Муандағы әуе апаты салдарынан 12 туысынан айырылған

Оңтүстік Корея тұрғыны Муанда болған әуе апатында 12 туысынан айырылғанын айтты, –  деп хабарлайды buginmedia.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Ер адамның айтуынша, ол балаларымен, туыстарымен және достарымен бірге Таиландқа саяхатта болған. Алайда жұмыс жағдайына байланысты Оңтүстік Кореяға емес, Үндістанға қайтуға мәжбүр болған.

«Үлкен отбасымнан жалғыз өзім қалдым», – дейді ол.

Трагедия туралы естіген бойда ол сапарын дереу тоқтатып, Үндістаннан Оңтүстік Кореяға ұшақпен оралып, жақындарын іздеу үшін ДНҚ-тест тапсырған.

«Әлі күнге дейін алты жасар қызымның «біз атамыздың туған күнін тойлаймыз» деген сөзін есіме аламын», – дейді ол қайтыс болған қызы жайлы.

Еске салсақ, 29 желтоқсанда Бангкоктан Муан қаласына ұшып шыққан Jeju Air әуе компаниясының ұшағы әуежайда ұшып-қону жолағынан шығып, қоршауға соғылған болатын. Апат салдарынан 179 жолаушы қаза тауып, тек екі бортсерік қана аман қалды.