Мәзір
1 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Оңтүстік Корея тұрғыны Муандағы әуе апаты салдарынан 12 туысынан айырылған

Оңтүстік Корея тұрғыны Муанда болған әуе апатында 12 туысынан айырылғанын айтты, –  деп хабарлайды buginmedia.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея тұрғыны Муандағы әуе апаты салдарынан 12 туысынан айырылған Оңтүстік Корея тұрғыны Муандағы әуе апаты салдарынан 12 туысынан айырылған
Фото: travelask.ru

Ер адамның айтуынша, ол балаларымен, туыстарымен және достарымен бірге Таиландқа саяхатта болған. Алайда жұмыс жағдайына байланысты Оңтүстік Кореяға емес, Үндістанға қайтуға мәжбүр болған.

«Үлкен отбасымнан жалғыз өзім қалдым», – дейді ол.

Трагедия туралы естіген бойда ол сапарын дереу тоқтатып, Үндістаннан Оңтүстік Кореяға ұшақпен оралып, жақындарын іздеу үшін ДНҚ-тест тапсырған.

«Әлі күнге дейін алты жасар қызымның «біз атамыздың туған күнін тойлаймыз» деген сөзін есіме аламын», – дейді ол қайтыс болған қызы жайлы.

Еске салсақ, 29 желтоқсанда Бангкоктан Муан қаласына ұшып шыққан Jeju Air әуе компаниясының ұшағы әуежайда ұшып-қону жолағынан шығып, қоршауға соғылған болатын. Апат салдарынан 179 жолаушы қаза тауып, тек екі бортсерік қана аман қалды.

Апта талқысында: