«Райымбектің ұрпағын көбейту бұйырыпты»: Ерке Есмахан үшінші рет жүкті екенін жария етті
Белгілі әнші Ерке Есмахан көпшілікке үшінші баласына жүкті екенін айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
"Сүйінші! Аллаға сансыз шүкір! Маған қазақтың санын, Райымбектің ұрпағын көбейту бұйырыпты. «Ерке Сотуар»-дың тілегі бірінші өзіме жұғысты болды ғой. Алла тіл көзден сақтасын. Әр отбасында сәбидің күлкісі естілсін", - деп жазды әнші.
Айта кетейік, Ерке Есмахан өзінен 12 жас кіші әнші Раймға тұрмысқа шығып, Ислам есімді ұлды дүниеге әкелген болатын.
Қараша айында ұлының бір жасын атап өтті.
Сондай-ақ, Ерке Есмаханның алғашқы некесінен бір ұлы бар.