Жаңалықтар

Ұшақ апатынан қаза тапқан 38 адамның 10-ының жеке басы анықталды

Төтенше жағдайлар министрлігі соңғы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Оқиға орнында ҚР ТЖМ, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының, полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамынан 235 адам, 98 бірлік техника, 2 кинологиялық есептоп жұмылдырылды.

Қаза тапқан 38 адамның 10-ы анықталды: 3 Қазақстан азаматы, 3 Ресей және 4 Әзербайжан азаматы. Денелерді идентификациялау жұмыстары жалғасуда. 20 зардап шеккен адам емдеу мекемелерінде жатыр. Ауруханаға жатқызылған барлық 29 зардап шеккен адам анықталды.

14 зардап шеккен адаммен Әзербайжан делегациясының 2 бортының ұшуы жоспарлануда.