Оқиға орнында ҚР ТЖМ, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының, полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамынан 235 адам, 98 бірлік техника, 2 кинологиялық есептоп жұмылдырылды.
Қаза тапқан 38 адамның 10-ы анықталды: 3 Қазақстан азаматы, 3 Ресей және 4 Әзербайжан азаматы. Денелерді идентификациялау жұмыстары жалғасуда. 20 зардап шеккен адам емдеу мекемелерінде жатыр. Ауруханаға жатқызылған барлық 29 зардап шеккен адам анықталды.
14 зардап шеккен адаммен Әзербайжан делегациясының 2 бортының ұшуы жоспарлануда.