"Сен жаңбырдағы күн сияқтысың": қазақстандық тіс дәрігері Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапты
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатында қаза тапқан Қазақстан азаматтарының есімін жариялады. Қаза тапқандар арасында стоматолог дәрігер Сәлима Жутаева да бар, деп хабарлайды buginmedia.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
25 желтоқсанда Embraer ERJ-190 ұшағында болған алты Қазақстан азаматының есімдері ресми түрде жарияланды. Олардың арасында Маңғыстау облысының үш тұрғыны, астаналық әйел мен оның ұлы және Қостанай облысының тумасы Сәлима Жутаева бар.
Сәлима 29 жаста болған. Ол Қостанайда стоматолог болып жұмыс істеген. Сәлима Жутаева трагедиядан үш күн бұрын Instagram-парақшасында әзербайжан тілінде "Сен жаңбырдағы күн сияқтысың" деп жазба жариялаған.
Сәлима Жутаеваның парақшасында оның стоматолог екендігі және саяхаттауды ұнататыны жазылған. Сондай-ақ, оның өміріне байланысты Қостанай мен Грозный қалалары аталады. Қыздың парақшасында кәсіби қызметін көрсететін көптеген суреттер бар.
Жазылушылар қайтыс болған қыздың отбасы мен жақындарына көңіл айтып жатыр.
Еске салайық, 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да Бакуден (Әзербайжан) Грозныйға (Ресей) ұшқан Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтаудан үш шақырым жерде апатқа ұшырады. Жолаушылар ұшағы қалың тұман салдарынан Грозныйға қона алмай, әуелі Махачкалаға, кейін Ақтауға бағытталған.
Апат себебіне қатысты бірнеше нұсқа айтылды. Бір нұсқа бойынша, апатқа ұшақ пен құстар тобының соқтығысуы себеп болған. Тағы бір БАҚ бортта оттегі багы жарылғанын хабарлады. Embraer Ақтау әуежайына 3 минуттан аз уақыт қалғанда рульді басқара алмай, апатқа ұшырады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ұшақ апатынан 38 аам қаза тауып, 29-ы тірі қалған.