Ақтаудағы ұшақ апаты: қаза тапқан 13 жастағы жасөспірім Грозныйға Жаңа жылды анасымен бірге қарсы алу үшін ұшып бара жатқан
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан 13 жастағы жасөспірім Грозныйға Жаңа жылды анасымен бірге қарсы алу үшін ұшып бара жатқан, деп хабарлайды buginmedia.kz media.az басылымына сілтеме жасап.
Әзербайжандық БАҚ мәліметінше, Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың бірі - 13 жастағы Мухаммедали Фаридоглы Еганов. Бұл туралы оның сыныптастары жазған. Ол Бакудің Хатаин ауданында тұрған, № 27 орта мектепте оқыған.
Баланың анасы Грозныйда тұрады. Марқұм Жаңа жылды анасымен бірге қарсы алу үшін ұшып бара жатқан. Ұшақта жасөспіріммен бірге туыстарының ешқайсысы болмаған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, Ақтау маңында құлаған ұшақта 6 Қазақстан азаматы болған. Бұдан бөлек ұшақта 37 Әзербайжан, 3 Қырғызстан, 16 Ресей азаматы болған. Апатан 29 адам аман қалды.