Жаңалықтар

Ақтау маңында ұшақ құлады: 29 адам аман қалды

Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Көлік министрлігінің мәлмеітнше, бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Әзербайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша, бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша, Ақтау маңында құлаған ұшақта 6 Қазақстан азаматы болған. Бұдан бөлек ұшақта 37 Әзербайжан, 3 Қырғызстан, 16 Ресей азаматы болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша аман қалған 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жеткізілді", - делінген ТЖМ соңғы ақпаратында.

Үкімет қаулысымен Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Az Airlines әуе компаниясының Эмбрайер 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру бойынша Үкіметтік комиссия құрылды. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.